«Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2021»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2021-2022 оқу жылының 4 қыркүйек күні өткен «Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2021»
Мектебімізде 4 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі-2021» акциясының іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. «Денсаулық фестивалі-2021» акциясын мектеп директоры А.А.Қалқабаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Досмаханбетов сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Беккул Б. Базилов Б. оқушыларды сапқа тұрғызып, «Өмір бойғы ұран- салауатты өмір салты!» ұранымен мектепішілік жаттығу жасатты. Жаттығудың соңын музыка сүйемелдеуімен «Би спорт-спорт өмір» демекші флеш-мобпен жалғастырдық. Мектеп ұжымы ұстаздар да жаттығулар жасап, денелерін шынықтырды.
«Дені саудың- рухы сау» ұранымен 9-11 сыныптар арасында арқан тарту жарыстары өткізілді. 1- орын 9Б- сыныбы жеңіп алды.
2- орын 10Б-сынып оқушылары иеленді.
3- орынды 9Д- сыныбы жеңіп алды.
«Дені саудың- рухы сау» ұранымен 9-11 сыныптар арасында асық атудан командалық жарыстары өткізілді.
«Сау бол-жүз жаса!» ұранымен 9-11 сыныптар қыздар арасында секіртпеден жарыс ойындары қызықты өтті.
1- орын 10В- сынып оқушысы Серікбай А. жеңіп алды.
2- орын 11В- сынып оқушысы Асылбек А. жеңіп алды.
3- орын 11В- сынып оқушысы Аязбай Қ. жеңіп алды.
«Сау бол-жүз жаса!» ұранымен 9-11 сыныптар ұлдар арасында қол күрестен жарыс ойындары қызықты өтті.
1- орын 11Б - сынып оқушысы Батак Э. жеңіп алды.
2- орын 10Б - сынып оқушысы Рысқұлов Т. жеңіп алды.
3- орын 10В - сынып оқушысы Дулат А. жеңіп алды.
Сонымен қатар оқушылар Қол күрес ,секіртпе,асық ату,арқан тарту ойындарына да белсене қатысты. Сымбатты болғың келсе-жүгір, шымыр болғың келсе-жүгір,- демекші барлық оқушылар ұйымдастырылған шаралардан көңілді қайтты. 10-11 сыныптар және ұстаздар арасындағы «Жасыңнан шынықсаң-ғасырға жарайсың!» атты жарыстар да өз мәресіне жетті.Барлық жетістікке жеткен мектеп оқушылары жарыстар соңында алғыс хаттармен марапатталды.