04
сентябрь
2021
"Сау бол-жүз жаса!" ұранымен "Денсаулық фестивалі өтті
2021 жылғы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы 982 қаулысымен бекітілген Денсаулықты сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыру мақсатында Темірбек Қожакеев атындағы 39 ЖОББМГ -да "Сау бол-жүз жаса!" ұранымен "Денсаулық фестивалі өтті. Бұл жарыстың мақсаты: Денсаулықты нығайтуға әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігін арттыру, өмір салтына деген ұстанымдарын қалыптастыру. Осыған орай фестивальға 8-11 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Фестивальдің ашылуын мектеп директоры А.А. Қалқабаева , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Досмаханбетов жылы лебіздерін білдіріп , оқушыларды бүгінгі мерекемен құттықтады.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Беккул Б., Базилов Б. оқушыларды сапқа тұрғызып, "Өмір бойғы ұран -салауатты өмір салты!" ұранымен мектепішілік жаттығу жасатты. Жаттығудың соңында музыкамен сүйемелдеу арқылы "Би спорт -спорт өмір" демекші флешмобпен жалғастырды. Жаттығу мен флешмобқа ұстаздарымызда қатысып, денелерін шынықтырды. "Дені саудың - рухы сау " ұранымен ұстаздар мен оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, волейбол ойындары ойнатылды.9-11 сыныптардағы ұлдар арасында қол күрес, қыздар арасында секіртпеден жарыс ойындары ұйымдастырылып, қызықты өтті."Сымбатты болғың келсе-жүгір, шымыр болғың келсе-жүгір" , -демекші ұйымдастырылған шаралардан жүлделі орындарға ие болған оқушыларды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С. Досмаханбетов алғыс хаттармен мараппаттады.