22
ноябрь
2021
«Жаңашыл инновациялық технологияларды пайдалану»
Бастауыш білім беру жүйесінде «Жаңашыл инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында Темірбек Қожакеев атындағы №39жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш бірлестігінде мектепішілік семинар өткізілді. Мақсаты: сабақта жаңашыл инновациялық технологияларды шебер пайдалану. Оқытушылардың шеберліктерін шыңдау мақсатында Азизова Валентина Станиславовна«ББМЖ жүргізу жұмыстары» мен Ниетбаева Феруза «Шебер мұғалім—сапалы сабақ» тақырыбында коучинг өткізді. Қайпанова Салтанат математика пәнінен, Калыкулова Мәншүк әдебиеттік оқу пәнінен, Уристамова Асемгулдің ұйымдастыруымен математика пәнінен ашық сабақтар өткізілді. Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану туралы білімін шыңдау үшін жас мамандар тәжірибе алмасты. Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану сапалы ұрпақ қалыптастыруда зор маңызға ие. Бүгінгі семинар соның айғағы.