09
ноябрь
2020
"Спорт - денсаулық кепілі"
Қараша айының 9-күні Мектеп оқушыларының күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 9 қараша күні Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 5-7 сынып оқушылары арасында дойбыдан жарыс өткізілді. Ұйымдастырушы ұстаздар - Жексенов Әлібек және Бекқұл Бейбіт. Оқушылар жарысқа белсене қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Жарыстың нәтижесінде оқушылар - Есімжан Есжан, Қуаныш Әділет және Чингизхан Ақжол жүлделі орындарға ие болып,мадақтамалармен марапатталды. Басты мақсатымыз - "Спорт - денсаулық кепілі" дегендей, осындай іс-шараларды үздіксіз өткізу арқылы оқушылардың бойына "Салауатты өмір салты" қағидасын сіңіру.