«Туған ел -тұнған шежіре»
«Туған ел -тұнған шежіре» атты
тарихи - танымдық әдеби кеш
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының «Қожакеевтанушылар» әдеби–танымдық клубының жетекшісі
1 Жүргізуші: Әбдімомын Жансейіт (2 -сынып оқушысы)
Біз қазақпыз!
Ежелден –ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
2 Жүргізуші: Айтмұратова Сақыпжамал (2 -сынып оқушысы)
Өзегімді өрт бораған қоғамда
Өз үйіме өзім, өгей болам ба?
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,
Азаттығым, қадірің де жоқ онда.
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да.
Алла берген азаттықтың әр сәті,
Аманат маған, саған, оған да.
1 Жүргізуші: Әбдімомын Жансейіт (2- сынып оқушысы)
Ассалаумағалейкум, ағайын!
2 Жүргізуші: Айтмұратова Сақыпжамал (2 -сынып оқушысы)
Сәлеметсіздерме қадірлі қонақтар!
2 Жүргізуші: Серікбай Айдана(8-сынып оқушысы)
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп - гимназиясының «Қожакеевтанушылар» әдеби- танымдық клубының мүшелері мен 2 «Б» сынып оқушыларының бірлесіп ұйымдастырылған
«Туған ел - тұнған шежіре» атты тарихи - танымдық әдеби кешке қош келдіңіздер!!!
1 Жүргізуші: Әбдімомын Жансейіт (2 -сынып оқушысы)
Қымбатты Отандастарым!
Тарихсыз болашақ жоқ. Бүгінгі Қазақстан - бабалардың заңды мұрагері.
Ұлан ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағына көз тіккен ұлы болашағы бар, менің халқым - Ұлы халық!
(Мерейлі Меркі туралы видео ролик жүріп жатады)
1 Жүргізуші: Мекен Бекзат (8-сынып оқушысы)
«Тарихы мол, Меркіөңірі – еліміздің киелі өлкесі, сол өңірдің тарихын , атақты ұл-қыздарыныңеңбегі мен ерлігін келерұрпаққа үлгі етіп көрсету өтебір маңызды еңбекдеп санаймын» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Меркі елі 1928 жылы 3-қыркүйекте құрылған. Жер көлемі 7,05 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Мерке – Жамбыл облысындағы Мерке ауданының орталығы. Тараз қаласының шығысында 163 км асқар Алатауының етегінде Алматы–Бишкек–Ташкен автомагистралының
бойына орналасқан. 6-8 ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда орталығы болған. 13-ші ғасырда ол белгілі Мерке қамалына айналды. Аудан орталығында көне қамалдың журнағы осы күнге дейін сақталған. 1905 жылы Меркеде тұңғыш мектеп ашылып, бұл мектептен Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев сияқты атақты қоғам қайраткерлері дәріс алған.
Меркі ауданы көп ұлтты елді мекен. Мұнда қазақ, түрік, орыс, әзірбайжан, өзбек, күрд, неміс, кәріс те таға басқа көптеген ұлт өкілдері табысқан, татулықтың жырын төккен қасиетті орын.
Серікбай Айдана (8-сынып оқушысы)
Меркі ауданы заман ағымына қарай өсіп-өніп, көркіне көрік қосып келе жатқан іргелі аудандардың бірі. Ұлы Жібек жолының бойында VІ-VІІІ ғасырларда ірі сауда орталығы болып көне Меркі шаһарының тарихы өте тереңде жатыр. Меркі – тарихы терең , тұлғалары биік, табиғаты таңғажайып, тұрмысы тамаша өлке. Оңтүстігінде асқақтап Алатау, одан бастау алатын мың-мың бұлақ тау етегін гүл- бәйшешекке толтырып, сылдырай төмен ағады. Мың тарамданған кішігірім өзендері Меркінің солтүстігінде жатқан құмға барып сіңеді, құрымға кетеді. Меркі Қорағаты өзендерінің ортасында жатқан бұл мекен ықылым заманнан –ақ елдің құтты жеріне айналған , кең жазира далаға ұласқан , көнеден бері тарихы бай , тамаша өлке.
2 Жүргізуші: Айтмұратова Сақыпжамал (2-сынып оқушысы)
Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерең, бірлігі мығым мәңгілік елдің мәртебесі асқақ болу үшін бізде бәрі бар.
2 Жүргізуші: 1 Жүргізуші: Мекен Бекзат (8-сынып оқушысы)
Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына қару алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар
батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы» –Қазақстанның тарихындағы сындарлы кезең болып табылады.
Жорабай Нұрхан (6 -сынып оқушысы)
Түріктің бір бұтағы еді қазақ елі,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Алатаудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
1 Жүргізуші: Мекен Бекзат (8-сынып оқушысы)
Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,
Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны бөлек.
2 Жүргізуші: Серікбай Айдана (8-сынып оқушысы)
Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек.
(Қазақ хандығының құрылуы туралы видео- ролик жүріп жатады
Сахынада Қазақ хандығының құрылуынан көрініс)
Керей хан: Бекбол Диас (2- сынып оқушысы)
Уа, жұртым, өз алдымызға отау тіктік, шаңырақ көтердік, шаңырақ көтердік, осы Қозыбасы тауына ел жұртты қондырыңдар!
Жәнібек хан: Рахан Бекжан (2- сынып оқушысы)
Жаратқан Алланың әмірімен қазақ елі құрылды.
Елге ел қосылса егіз болады,
Суға су қосылса теңіз болады.
Жері байдың елі бай,
Ел іргесін бекітіп, жерімізді ұлғайту керек.!
Бөрілі байрақ туды әкеп тігіңдер!
(Ту тігіледі)
Абылай хан: Ақберді Нағашыбекұлы (2 -сынып оқушысы)
Ата - бабам жатқан жер,
Жат қолында қалмасын.
Әз –Жәнібек, Қасым хан,
Әруақтары қолдасын.
Хандық болған қазақты,
Қуғындаған оңбасын.
Аттың жалын тартқан соң,
Қайтарамын кегімді.
Қалың жұртқа жиналған,
Танытамын тегімді.
Аталарым ер Есім,
Қалқан Жәңгір тоғымды.
Тоз - тоз болған халқым- ау,
Түгендермін жоғыңды.
Бұқар жырау: Серік Айдын (2- сынып оқушысы)
-Не арман тілегің бар?
Абылай хан: Ақберді Нағашыбекұлы (2- сынып оқушысы)
-Бар еді үш арманым, әттең-ай дегеніме жетпедім-ай
Үш жүздің басын қосып, қала салып,
Ел қылып өз алдыма кетпедім-ай.
Бұқар жырау: Серік Айдын (2- сынып оқушысы)
-«Хан Абылай атандың» дүниеден шықпай мініңіз,
Алтын тақтың үстінде, үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге, ешбір жаман қылмадың,
Әділдікпен жүргіздің, әдепті іске кіргіздің.
Жауғаш Батыр: Бахтияр Нұртілеу (2- сынып оқушысы)
-Хан ием! Ел шетіне жау шапты , 5000 қолмен Алатаудан арнайы келдім.
Абылай хан: Ақберді Нағашыбекұлы (2- сынып оқушысы)
-Жауғаш батырым менің,көтер туды, жауға бірге аттанайық!
(Сыпатай батырдың көрінісі)
Сыпатай батыр: Жексенбі Әділет (қазақ тіліпәнінің мұғалімі)
-Уа, халқым, Мен найзаның ұшы мен қылыштың жүзінде тұрмын! Өйткені менің еліме , жеріме көз алартқан мына жақтан ақ қалпақты қырғыздар, қара
шекпенді орыстар анталап тұр. Ала тақиялы қоқандар елімізді, жерімізді тарта бас салуда. Мен қасық қаным қалғанша Меркі жерін тұтасымен ұрпақтарыма тастап кетсем арманым жоқ еді. Бұл өмірде осы елім жерім үшін майданға түсіп, шайқасып батыр атандым. Алқалы жиын, атақты астарда талай-талай дауларды шешіп дәу Сыпатай би атандым. Жанымды да, арымды да елім үшін садаға еттім. Енді айналайын ел жұртым ынтымақты болып, керегесін кеңге жайып әр қашанда бір-біріңе туыс, бауыр болып осы құт дарыған өлкеде бақытты, дәулетті ғұмыр кешіңдер.
Мен бүгін қартайдым, бірақта осы елдің топырағы бұйырып сендердің тіршіліктеріңді көріп жатармын.
Бата:
Уа құдайым оңдасын,
Еш жамандық болмасын.
Ынтымақты болып әрқашан,
Қыдыр бабам қолдасын.
Жаздай жазиралы болыңдар,
Күздей берекелі болыңдар.
Қыстай әппақ таза болыңдар,
Көктемдей көгеріп, көктеп өсіңдер.
Аумин.
(Ақкөз батыр 16жылғы Ұлт азаттық көтеріліс слайд)
Патша үкімін оқитын адам шығады: Советбек Нұрдәулет
(2- сынып оқушысы)
-Ақ патшаның ақ тілегімен осы тамыз айында солдатқа 22.675 адам аттандыруымыз керек. Жарлық -заң ол орындалу міндетті!
Ақкөз Қосанұлы: Алпысбай Рахат (2 -сынып оқушысы)
-Болыс, Билерді, зиялы сіздерді түсінбедік. «Ұл адамның түрі, перзенті қызыл гүлі» елдің сол қызыл гүлін алдырам дейсіңдер, оққа тосып ерте солдырам дейсіңдер!
-Ит құтырса иесін қабады- дегенді істеп отырсыңдар! Сендер осы ел сатқанды, содан пайда тапқанды, қашан қоясыңдар.?
-Айтпады демеңдер, момын елді қорлай берсеңдер, одан да мықты зор шығар, қаптаған ертең қол шығар!
Досмайыл: Қашаубек Ернұр (2- сынып оқушысы)
- Осы патша өкіметінің шенеуліктері бізді қорқыта -қорқытаәбден сужүрек етті. Біз батыр ел едік. Алып емен құрыса отын болады, батырды жүндей берсе, қатын болады. Біз қазаққатын болдық.
-Ағайындар - ау! «Ауыл иті бөрі көргенде бірігеді» жау кіргенде бірікпей ит құрлы жоқпыз ба? Намыссыздық, ездік намыссыздардан бездік - деп сілкініп тұрар кез қайда.?! Найза ұстар қол бастар ат байлап намысқа шабар бір адам табылмай ма?
1 Жүргізуші: Әбдімомын Жансейіт (2- сынып оқушысы)
Ұлт -азаттықкөтерілісте Ақкөз батыр қол бастаған. Халық үшін, ел үшін қабырғасы қайысқан.
(Тақтан патша құлады, кеңес өкіметі орнады! Бір оқушы қолында газеті бар жүгіріп шығады)
(Ашаршылық слайд. Қаратаудың басынан көш келеді.)
10 шақты оқушы жыртық жамау киініп ортаға шығады. Ашаршылықтың көрінісін көрсетеді.
Темірболат Жұлдызай (6- сынып оқушысы)
-Эй, ашаршылық көрсетпегің қараңды,
Жаман ойға толтырдың ғой санамды.
Қу дүние –ай, мені алсаң қайтеді,
О Тәңірім неге алдың баламды!.
(Тұрар Рысқұлов пен Қабылбек Сарымолдаевтың көрінісі)
Сталин: Слово предоставляется хану Средней Азии Турару Рыскулову.
Тұрар Рысқұлов: А если слово предоставляется хану Средней Азии а Кавказский князь сидить в Кремле!
-Менің еш кезде Сұлтан-Галиев көзқарасының ықпалына түсуім мүмкін емес. Бұл орайда мен өз жөнін білетін адаммын, өз көзқарасымды жасырмаймын. Сталин жолдастың кінәсі дұрыс емес. Сіз қателесесіз жолдас Сталин!
Сіз қазақ халқының ашаршылықтан қырылып жатқанын ойладыңыз ба, жолдас Сталин! Аштықтан қазақ халқы қырылып жатыр. Әйелдер шарасыздықтан балаларын суға лақтыруда. Әулие ата қаласындағы шайханалардан аязға қатып қалған 20 баланың өлігі жиналып алынды. Әйелдер балаларын ит-құсқа жем болмасын деп, поездың астына тастап, кейбіреулері мұздың ойығына тығып жіберген, ал қалғандары балаларын тірідей көміп кеткен. Кейбір аш адамдар кісі өлігін жегені туралы хабарлар
бар. Ешқандай шара қолданылмай отыр. Сіз осыны ойладыңыз ба, жолдас Сталин?!.
(Ұлы Отан соғысы туралы видео ролик жүріп жатады)
2 Жүргізуші: Айтмұратова Сақыпжамал (2- сынып оқушысы)
1941-1945 жыл- Ұлы Отан соғысы.
2 жүргізуші: Мекен Бекзат (8 -сынып оқушысы)
1941жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталып, ауданнан майданға 12мың адам аттанды, соның ішіндеәйелдерде бар еді. 2027 меркілік Отан қорғау жолында майданда қаза болды. Көптеген жерлес майдангерлер майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендер мен медальдарға ие болды. Төрт адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соғыс кезінде «Большевик» ұжым шары қант қылшасы мен астықтан мол өнім жинап, тапқан қаражатқа әскери ұшақ сатып алып майданға жіберді. Ауданымыздан майданға аттанған адамдардың көпшілігі алғашқы кезеңде Брест қамалын қорғауға қатысты.
Ұлы Отан соғысына қыршын кеткен боздақтарымызды 1 минут еске алуларыңызды өтінемін.
(Желтоқсан оқиғасы туралы видео-ролик жүріп жатады)
Сахнады Қайрат Рысқұлбеков Алихан Ерғазы (2 сынып оқушысы)
Күнәдан таза басым бар,
21 де жасым бар.
Қасқалдақтай ханым бар,
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Ерке тоқты құрбандық ,атам десең атыңдар!
Асанбай Асқаровтың көрінісі
1 Жүргізуші:Серікбай Айдана (8сынып оқушысы)
Тағдыры талқыға түскен Асанбай Асқаров Қазақ Республикасына ғана емес, бүкіл Одақ көлеміндегі ірі тұлғалардың бірі. Асанбай Асқаровты Желтоқсан көтерілісін ұйымдастыруға қатысы бар, ұлтшыл деген кінәлар тағылып Қырғыз Республикасында абақтыға жабылды. Осындай халық сүйген азамат
өмірінің соңғы кезеңінде жалаға ұшырап, темір торға қамалып, тексіздердің тепкісінің астында күн кешіп, адам төзгісіз азап шеккен.
Асанбай Асқаровтың көрінісі (темір тордың артында)
Ильясов Даулет (10 сынып оқушысы)
Жамандардан емеспін,
Мұқата алмас мені ешкім.
Елім жаман демеспін,
Жерім жаман демеспін.
Жаным тірі тұрғанда,
Мұқата алмас мені ешкім.
Білмеймін таңның атқанын,
Білмеймін күннің батқанын.
Аша алмай отырмын,
Жаудың құрған қақпанын
Ер болып елге танылмай,
Қылыш боп тасқа жанылмай.
Ешқашан елін сағынбай,
Құдіретіңе табынбай,
Ез болып өткен жаным ай!
Алатаудың бұлбұлы,
Тоқтағұлым, қайдасың?
Байлаулы қазақ дүл-дүлі,
Қарашы, дұшпан айласын.
Шыңғысым, қайда Шыңғысым?!
Таң қалып бұған тұрмысың,
Ұшып жүрген аспанда,
Торға түсті бір құсың.
ауымның көріп жаным құлағанын,
Байқаймын таусылып –ақ тұр амалың.
Кетсем де тозақ болып дүниеде,
Атыма кір келтірме сұранамын.!!! -3рет
2 жүргізуші: Мекен Бекзат (8 сынып оқушысы)
Асанбай Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып , Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.
(Мерейлі Меркінің көркеюі, керемет табиғаты жайлы видео ролик жүріп жатады)
1 Жүргізуші:Серікбай Айдана (8сынып оқушысы)
Меркі жері қасиетті дегені - өйткені ол батырлардың мекені,
Сыпатай, Жауғаш, Ақкөз, Андас, Тілеміс батырлар,
Әлемге аян,ұлы тұлға екені,
2 жүргізуші: Мекен Бекзат (8 сынып оқушысы)
Меркі жері қасиетті дегені - өйткені ол қайраткерлер мекені,
Тұрар, Мақсұт, Қабылбек пен Асқаров
Әлемге аян, ел көсемі екені.
1 Жүргізуші:Серікбай Айдана (8сынып оқушысы)
Меркі жері қасиетті дегені - өйткені ол ақындардың мекені,
Алтынбек, Бағдат, Шырындар
Елге аян ұл-қыздары екені,- демекші Меркі жерініңұлы тұлғалы аталарымыз бен апаларымызды мақтан тұтамыз
2 жүргізуші: Мекен Бекзат (8 сынып оқушысы)
Меркі жерінің тумалары атақты батырларымыз Сыпатай Әлібекұлы , Жауғаш батыр, қайраткерлеріміз Тұрар Рысқұлов , Қабылбек Сарымолдаев сынды азаматтарымыз қыршынынан қиылды. Қоғам қайраткері Асанбай
Асқаров түрмеге қамалды, ғұлама ғалым Темірбек Қожакеев парт билетінен ажырады. Міне азаттықтың таңы атты елім ерлерін есіне алып жатыр.
Кеше ғана келген Тәуелсіздігімізбенбірге тіл мен дін, рух пен дәстүр оралды. Арманда кеткен арыстардың асыл мұратына қол жеткіздік.
Іргесі айбынды мемлекетке айналдық. Ел көшін тура жолға салу, барша қазақпын деген жанның бұлжымас парызы.
2 –сынып оқушылары:
Сүйінші,Сүйінші,Сүйінші !!!Тәуелсіздікке қол жеткіздік!!!
Алақай Сүйінші !!!Тәуелсіз Мемлекет болдық!
(Екі әже шашу шашады)
Ұрпақтардың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп, көксеген
ата - бабамыздың арманы орындалған осы шақта, баршамызға бақыт, байлық, береке тілейміз!
Қазақ елі мәңгі ел,
Қазақ елі жасасын!
«Жаным қазақ» әнімен Серікбай Алибатыр (9- сынып оқушысы)
«Қазақ биі» «Шұғыла» бишілер тобы
«Қожакеев -Осындай!» әнімен Мадахметова Ардақ (10-сынып оқушысы)
№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының«Қожакеевтанушылар» әдеби–танымдық клубының жетекшісі
Отарбаева Гульнур Аликқызы