8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
07
март
2018

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.Сабақтың мақсаты:

1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Әшімхан Нәзерке: Ананың сүті – бал,
Ильясов Даулет: Баланың тілі – бал.
Әшімхан Нәзерке: Күннің шуағы – жылы,
Ильясов Даулет: Ананың құшағы – жылы.
Әшімхан Нәзерке: Ана – үйдің берекесі, бала үйдің – мерекесі.
Ильясов Даулет: Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды:

Әшімхан Нәзерке: Ана – өмір себуші.
Ильясов Даулет: Қыз ақылы анадан.

Әшімхан Нәзерке: Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.

 

Ильясов Даулет: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

 

Әшімхан Нәзерке: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апалар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Ильясов Даулет: №39Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының «Қожакеевтанушылар» әдеби-танымдық клубының дайындаған 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған

«Анаға тағзым!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

 

 

 

Серікбай Айдана: Қыздар мен жігіттер ал қанекей сіздер аналарыңызды қаншалықты жақсы көретіндіктеріңізді айтсаңыздар.

 

Марклен Ердос:

Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей жақсы көрем.
Уребай Нурали:

Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай жақсы көрем.
Тоқбай Мерейлім:

Анашым, мен анасын сағынып шырылдаған кішкентай балапандай жақсы көрем.
Өмірбек Дінмұхаммед:

Анашым, мен сенсіз гүлін таппаған ара сияқтымын.
Жорабай Нұрхан:

Анашым, сіз менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көрінесің
Серікбай Айдана: Анашым, сенің қасыңда болмасам шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен боламын.

 

Әшімхан Нәзерке: Аналарымыздың құрметіне Мадахметова Ардақтың орындауында «Ана-Әке» әнін қабыл алыңыздар.

 

Ильясов Даулет: Құрметті де ардақты, аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін.

 

Әшімхан Нәзерке: Иә, достар, біздің әніміз аналарымыздың көңілінен шықты деп ойлаймын! Бұл өмірде анаға тең келетін ешкім жоқ.Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады.Осындай керемет сөздерден кейін өздерінің жүрекжарды тілектерін өлең жолдарымен білдіртуге ер балаларды ортаға шақырайық.

 

Жүніс Ілияс: Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,
Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан.
Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,
Мен кіршіксіз, ыстық-ыстық, «салем» салам.

 

Темірболат Жұлдызай: Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,
Анаң барға шүкір ет, болған пана.
Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,
Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

 

Жора Диас: Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

 

Әшімхан Нәзерке:

Аналарымыздың құрметіне Жорабай Нұрхан мен Жорабай Әдемінің орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

 

Серікбай Айдана: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

Мекен Бекзат: Дұрыс айтасың Айдана, анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың деген сөз бар.

Серікбай Айдана: Иә, өте дұрыс айтылған сөз. Мен толығымен келісемін. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз.
Мекен Бекзат: Құрметті аналар, бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын балаларыңыздың Сіздерге арналған жүректен шыққан тілектерін қабыл алыңыздар.

Маратқызы Жаннур:

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.

Есеркепов Темірлан:

Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.

Бәкірбай Нұрзат:

Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.
Ақбота Нағашыбекқызы:

Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.
Бөлекбаева Айша:

Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.

Бөрібай Әліби:

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.
Жумадилов Диас:

Анашым - отбасымның тірегі. Барлығы, тіпті әкем де, жасы үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. Ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді.Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған  «Анаға тағзым!» атты мерекелік кеш.

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив