10
октябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата - аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2022 жылдың қазан айының 10-шы жұлдызында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында білім алушылардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді. Жамбыл облысы Меркі ауданының прокуратурасы дайындаған жаднама бойынша оқушының құқықтық анықтамасы ата- аналар чатына жіберіліп, балалардың жағдайын қадағалау қажеттілігі айтылды.