«Бақытты балалық шақ» тақырыбында оқушылар қолымен жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.
Ғасырлар бойы адамзат қоғамдағы құқықбұзушылықтың себептері мен оны жою жолдарын қарастырып келеді. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ», «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыптарында жаңаша форматта, тиімді әдіс-тәсілдермен сынып сағаттары өтілуде. Сынып жетекшілер өз әріптестері арасында бала тәрбиесіне қатысты өзіндік көзқарастарымен және іс-тәжірибелерімен бөлісуде. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері мен технология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында оқушылар қолымен жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.