28
ноябрь
2022
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының (бракеражды комиссиясы) тексеру жүргізу туралы ақпарат.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының (бракеражды комиссиясы) тексеру жүргізу туралы
ақпарат.
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау , мектеп асханасының санитарлық жағдайы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, пісіру цехтары, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы, тәуліктік сынама алу мен сақталуы, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі , келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында 2022 жылдың 25 қараша күні кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесі бойынша асханадағы ыдыс жуу блогында ыдыс жуатын орындарының (мойка) біреуі бұзылып қалғаны, білім алушыларға арналған қол жуатын раковиналардың бірінің істен шаққандығы, яғни суды ағызатын бөлшегінің сынып қалғаны анықталды және жауапты мамандарға ұсыныстар берілді.