26
октябрь
2021
Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері 2021 жылдың қазан айының 25 күні мектеп асханасында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының 2 - қосымшасында көрсетілген шектеу іс - шаралары, оның ішінде карантин кезіндегі мектепке тамақтандыруды ұйымдастыруда қойылған талаптардың орындалуы және мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақ сапасы бақыланды. Іс - шара барысында бірінші кезекте асхананың санитарлық тазалығы, тамақтанарда білім алушылардың санитарлық - гигиеналық тазалық талаптарын сақтауы, қолын өңдеуге арналған тері антисептиктердің болуы, ас мәзірінің дұрыс әзірленуі, сақталуы, арнайы қайнатылған ауыз судың болуы, асхана қызметкерлерінің тазалығы, санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Аталған жұмыс бағыты мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы бойы қадағалану туралы ұсыныс айтылды.