13
декабрь
2022
«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында кездесу өткізілді.
2022 жылдың 13 желтоқсанында Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында кәмелетке толмаған оқушы қыздармен және «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаханова Р.Ж., директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Талпакова А.С. және мектеп медбикесі Бабаева А., мектеп психологтары Ахметова Э., Асубаева Г.А. қатысуымен «Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: ерте жүктіліктің алдын алу, ерте неке құру, күштеп неке қию, интернеттен келетін қауіптердің алдын алуға бағытталған.
Кездесу барысында «Ерте жүктілік немен қауіпті?» - деген сауал төңірегінде ой қозғап, қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтылды.
Мектеп медбикесі А.Бабаева сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екені айтылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанаханова Р.Ж., қыз-балаларға олардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлықтарының өзгеруі, физиологиялық ерекшеліктері, тазалық және бөтен адамдармен сөйлесудің қауіп-қатері жайлы жан-жақты айтып өтті.