26
март
2024
"Педагогтардың кәсіби әлеуетін дамытуға инновациялық шешімдер" тақырыбында жиналыс өткізді.
2024 жылы 26 наурызда мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева ұстаздар қауымына "Педагогтардың кәсіби әлеуетін дамытуға инновациялық шешімдер" тақырыбында жиналыс өткізді. Г.Ержанқызы жиналыстың мақсат, міндетімен таныстырып, бүгінгі таңда қоғам білім беру саласына және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қойып отырғанын атап айтты."Мектептің тірегі де, тіреуі де-оқыта білетін мұғалім" - деп ұлы ағартушы А.Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім саласында оқытудың озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерін жетік меңгермейінше, жас ұрпаққа сапалы, әрі жан-жақты білім беру мүмкін емес.Бұл үшін мұғалімдер инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.Сондықтан үнемі ізденіс үстінде болып, инновациялық шешімдерді жүйелі қабылдап, біліктілікті арттырып отыруға шақырды.