20
декабрь
2023
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы
Ағымдағы 2023 жылдың 20 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 жұмыс күні ұсынылды. Асхананың санитарлық жағдайы, тазалығы, ауыз су режимінің сақталуы талапқа сай. Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық тазалығы, медициналық кітапшасы мен денсаулықтары күнделікті медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланып, тексеріліп отырылады. Дайындалған тағам өнімдерінің күнделікті сапасы, дайын тағамдардың органалептикалық қасиеті, асханада тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, буфеттік өнімдердің сапасы, қолжетімділігі тексеріліп, қадағаланып отырылады. Ас мәзірі мектеп басшысымен бекітіліп, қолжетімді жерге ілінген. Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тағамдар толық дайындалады және тағам порциясының салмағы талапқа сай сақталған. Тағамдарды дәрумендендіру жүргізіледі. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық. Тоңазытқыш-технология жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр. Көкөністер бүлінбеген. Өнімдер мен дайын тағамдардың сақталу мерзімі өтпеген. Оқушылардың отыратын орындары жеткілікті және суық сумен жабдықтау талапқа сай. Су жылытқыштар іске жарамды. Асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлары бар.Дегенмен балалар отыратын орындықтардың кірлеп кетуіне байланысты ескерту берілді және асханаға кіре берісте қол жуатын раковиналар бар, бірақ 3 раковина істен шығуына байланысты ескерту берілді. Раковиналар жанына арнайы жабдықтар сұйық сабын, қағаз сүлгі қарастырылған. Көкөніс сақтайтын қоймада арнайы термометр - градусник болу керектігі және арнайы бөлмелерде тақтайша мен пышақ үстел үстінде тұрмай арнайы қабырғада ілінуі керектігі ескертілді. Кеткен кемшіліктерді жою міндетіне қарай жауапты мамандарға жүктелді.