13
март
2025
"Шәмші туралы 10 дерек" тақырыбында презентациялық шолу өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 2025 жылдың 13-ші наурыз күні "Шәмші туралы 10 дерек" тақырыбында білім алушылары арасында презентациялық шолу өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосқан Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен тұлғалық қырларын таныстыру, патриоттық тәрбие беру және оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.
Презентация барысында оқушылар мен ұстаздар:
• Композитордың өмірбаяны туралы қызықты 10 дерекпен танысты,
• Шәмші әндерінің тарихына үңілді,
• Танымал туындылары орындалып, олардың маңызы талқыланды,
• Композитордың қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі жайында пікір алмасты.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын тудырды. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін толықтырды. Бұл шолу — ұлттық өнерге деген құрмет пен ұрпақ санасында сазгерлік мұраны дәріптеудің жарқын үлгісі болды.