"Менің болашақ мамандығым", "Мен және менің болашақ кәсібім", "Менің таңдауым – менің болашағым" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
2025 жылдың 15 сәуір күні мектебімізде 7-10 сынып оқушыларына арналған "Менің болашақ мамандығым", "Мен және менің болашақ кәсібім", "Менің таңдауым – менің болашағым" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушыларға мамандықтардың алуан түрлілігі, олардың маңыздылығы, дұрыс таңдау жасаудың жолдары туралы түсінік беру және болашақтарын саналы түрде жоспарлауға ынталандыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықтар туралы пікірлерін ортаға салып, кәсіби бағыт-бағдар алды. Тәжірибелі ұстаздар мен түрлі сала мамандарының қатысуымен өткен шараларда кәсіп таңдау кезіндегі маңызды факторлар талқыланып, ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.
Бұл іс-шаралар оқушылардың өз болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына жол ашып, оларға кәсіби бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады.

