«Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг өткізілді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг өткізілді.
22
январь
2025

«Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг өткізілді.

2025 жылдың 22-і қаңтарындада Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 11 сынып оқушыларымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – "Оқушылардың өзін-өзі тану арқылы жеке қабілеті мен қызығушылығына сай болашақ мамандығын саналы түрде таңдай білуіне бағыт беру."

«Менің мамандығым – менің болашағым» атты тренинг барысында оқушылар өз болашағы жайлы ойланып, маңызды шешім қабылдауға бір қадам жақындай түсті. Шеңбер бойымен тілек айту жаттығуы арқылы топ арасында жағымды атмосфера қалыптасты. Арман мен мақсатты байланыстыру арқылы оқушылар өздерінің болашақтағы орындарын елестетіп, нақты бейне жасай білді. «Мамандықтар әлемі» бөлімінде түрлі мамандықтар туралы маңызды ақпараттар беріліп, көзқарастары кеңейді. «Сәйкестендір» ойыны оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, қабілет пен мамандық арасындағы байланысты түсінуге көмектесті. SWOT талдау әдісі арқылы олар өздері таңдаған мамандықты жан-жақты саралап, артықшылығы мен әлсіз тұстарын ажыратуды үйренді. Бұл оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға үлкен әсер етті. «Мамандық ағашы» жаттығуы олардың жеке таңдауларын нақтылап, ортақ мақсат жолында бірлікте жұмыс істеуді көрсетті. Рефлексия кезінде оқушылар тренингтің өздеріне пайдалы болғанын айтып, пікір алмасты. Бұл тренинг оқушылардың өзін-өзі тануына, өз мүмкіндіктерін бағалауына жол ашты. Сонымен қатар, олар болашақ мамандыққа тек атақ пен табыс көзі ретінде емес, қоғамға пайда әкелетін құндылық ретінде қарауды үйренді. Әр тапсырма арқылы олардың белсенділігі артып, пікір айту, топпен жұмыс жасау қабілеттері дамыды. Тренинг жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасаудың маңыздылығын ұғындырды. Оқушылардың арманына жету жолындағы сенімділігі арта түсті. Жалпы алғанда, бұл тренинг жас ұрпақтың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауда маңызды қадам болды.


Орындаған: Ф.Балабеков

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив