«Еңбек базары. Ең көп сұраныстағы мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Еңбек базары. Ең көп сұраныстағы мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
14
февраль
2025

«Еңбек базары. Ең көп сұраныстағы мамандықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2025 жылдың 14-шы ақпанында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 10 сынып оқушыларымен «Еңбек базары. Ең көп сұраныстағы   мамандықтар» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Оқушыларды еңбек нарығындағы заманауи өзгерістер мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру арқылы, олардың болашақта өз қабілеті мен қызығушылығына сай дұрыс мамандық таңдауға саналы шешім қабылдауына ықпал ету.

Қазіргі еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруы оқушыларды болашақ мамандық таңдауға саналы түрде қарауға итермелейді. Заманауи технологиялардың дамуы жаңа мамандықтардың пайда болуына және бұрынғы мамандықтардың трансформациялануына себеп болуда. Әсіресе IT, медицина, инженерия, экология, педагогика салаларындағы мамандарға сұраныс артып келеді. Сонымен қатар, жұмыс берушілер техникалық біліммен қатар, коммуникативтік қабілет, сыни ойлау, шығармашылық және икемділік сияқты жұмсақ дағдыларды да жоғары бағалайды.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді талқылап, кәсіби бағдарлауға байланысты маңызды ақпарат алды. Олар өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандықты қалай дұрыс таңдауға болатыны туралы ойланып, пікір алмасты. Іс-шара оқушылардың болашаққа деген көзқарасын кеңейтіп, нақты мақсаттар қоюына жол ашты. Болашақ мамандықты саналы таңдау тек жеке табысқа емес, қоғам игілігіне де әсер ететіні түсіндірілді.

Мұндай кездесулер оқушылардың өз-өзіне сенімді болуына, кәсіби бағдарын анықтап, білім алу жолын жүйелі жоспарлауға ықпал етеді. Қорытындылай келе, дөңгелек үстел еңбек нарығына бейімделуге, болашақ мамандықты саналы таңдауға және жеке даму жолында жауапкершілік алуға жол ашты.


Орындаған: Ф.Балабеков

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив