"Менің өңірімдегі өндіріс орындары" атты танымдық-квест ойыны өткізілді.
2025 жылдың 18-шы сәуірінде Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 8-9 сынып оқушыларымен өткізілген "Менің өңірімдегі өндіріс орындары" атты танымдық-квест ойыны өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өндіріс туралы танымын кеңейту
"Менің өңірімдегі өндіріс орындары" атты танымдық-квест ойыны 8-сынып оқушылары үшін маңызды танымдық іс-шара болды. Квест барысында оқушылар Меркі ауданындағы негізгі өндіріс орындарымен танысып, олардың жұмыс ерекшеліктерін көзбен көріп, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін арттырды. Сонымен қатар, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайту сәтті жүзеге асты.
Оқушылар 5 аялдамадан тұратын квест барысында:
- Меркі қант зауытының жұмыс процесімен танысты;
- «Меркі сүт» өнімдерінің өндірісімен танысып, дәмін татты;
- Балық өңдеу цехының технологиялық желісін көрді;
- Эко-өнімдер бұрышында экологиялық таза өнімдер туралы ақпарат алды;
- Өңір өндірісінің картасын құрастырып, өз жобаларын қорғады.
Іс-шара оқушылардың өндірістік сауаттылығын арттыруға ықпал етті және олардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.
Орындаған: Ф.Балабеков