17
сентябрь
2025
«Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Бүгін Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.А.Өмірбек, аудандық мәслихат депутаты А.Құрманалиев, қоғамдық кеңесінің мүшесі Ж.Оспанова,
аудандық прокуратура Х.Ажимбек, аудандық ПБ КПБ бастығы Т.Абдрашов, аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Метеркулова қатысты. Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар жиынға қатысушы қонақтар тарапынан ата-аналарға құқықтық мәдениетті арттыру, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын күшейту туралы ұсыныстар айтты. Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты көкейкесті сұрақтарын қойды.
https://www.instagram.com/reel/DOs2_A2DDFz/?utm_source=ig_web_copy_link