10
октябрь
2025
«Ұрлық – түбі қорлық» тақырыбында кездесу
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жылдық тәрбие жоспарына сәйкес 2025 жылдың қазан айында 7-8 сынып оқушыларымен «Ұрлық – түбі қорлық» тақырыбында мектеп инспекторымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіру болды. Іс-шара барысында мектеп инспекторы оқушыларға құқықтық жауапкершілік, әсіресе ұрлық әрекеттерінің заң алдындағы салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және тәртіпті, адал, жауапты тұлға ретінде тәрбиеленуіне бағытталды.
