14
ноябрь
2025
«Есірткісіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп–гимназиясында жылдық жоспарға сәйкес 2025 жылдың қарашаның 7 күні «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға есірткі заттарының адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізер зиянын түсіндіру, нашақорлықтың қоғам үшін қауіпті екендігін ұғындыру, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттар беру. Дөңгелек үстел барысында нашақорлықтың алдын алу жолдары, зиянды әдеттерден аулақ болу тәсілдері, құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Оқушылар сауалдарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Шараға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері қатысты. Іс-шара жоспарға сай өз деңгейінде өткізіліп, оқушыларға маңызды ақпараттар берілді.



