Кәсіптік бағдар бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 6 қыркүйек күні бағдаралды және бағдарлы сыныптардың ата-аналарымен кездесу өтті.
Кездесу мақсаты – бағдарлы оқытудың ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың оқу жетістіктерін ата-аналармен бірге талқылап, ынтымақтастықты нығайту.
Кездесуде сынып жетекшісі Н.Нарикбаева ата-аналармен амандасып, кездесудің мақсаты мен күн тәртібін таныстырды.
Мектеп директорының орынбасары Ф.Балабеков бағдарлы оқыту жүйесінің маңыздылығына тоқталып, мектептің жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.
Сынып жетекшілері сыныптың оқу-тәрбиелік деңгейі туралы ақпарат берді. Бағдарлы пәндер бойынша таңдау сабақтарының жүргізіліп жатқаны және оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі баяндалды.
Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша оқушылардың білім сапасы мен жетістіктерін атап өтті. Олимпиадалар мен байқауларға қатысу туралы мәлімет берілді.
Мектеп психологы Г.Асубаева оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты психологиялық жағдайы, тәртібі және бейімделу мәселелері туралы сөз қозғады. Әлеуметтік педагог ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.
Ата-аналар белсенділік танытып, өз ұсыныстарын білдірді. Оқушылардың үйірмелерге қатысуы, бос уақытын тиімді өткізуі сынды мәселелер көтерілді.
Кездесу қорытындыланып, алдағы жұмыстар бойынша келісім жасалды.
Кездесу нәтижелі өтті. Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс нығайтылып, ортақ мақсатта жұмыс жасау келісілді.