«Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында кездеcудің
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
«Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі»
тақырыбында кездеcудің
08.09.2021ж
Мақсаты: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін көрсету;
-жас кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығына қосқан жеке үлесін көрсету;
-ауылдың өзіндік өмір салтын сақтау, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды орнықты дамыту; ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Ауылдың гүлденуі –Қазақстанның гүлденуі» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында жас кәсіпкер Бекпатшаев Бекзатпен кездесу өткізілді. Жас кәсіпкер Бекпатшаев Бекзат мырза 2017 жылы ауылға келіп,сол уақыттан бастап мал және жер шаруашылығымен айналыса бастағандығын айтты. Алғаш 100 бас қой алып, қазіргі таңда 400 ге жуыққа көбейтіп отыр .Сондай –ақ 200 га егістік жерге дәнді-дақыл отырғызып, жемісін көріп отырғаны жөнінде түсіндіріп өтті. Оқушылар жас кәсіпкерге деген өз қызығушылығындағы сұрақтарын қойды. Кездесу оқушыларға ұнап, Бекзат мырзаға деген ризашылықтарын көрсетті. Елбасымыз жыл сайынғы жолдауларында тәуелсіз еліміздің ертеңі – жас өркендерге ерекше назар аударып, олардың өзекті мәселелерін мемлекеттің қолдауы арқылы шешуге баса көңіл бөлуде мақсатында ұйымдастырылды. Дана халқымызда қалыптасқан түсінік: ауыл – алтын бесік, ұлт ұясы, мемлекеттік бірлікті, тұтастықты қалыптастырудың алғышарты. Ауыл – ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің, тұмса табиғат пен қазақы ән мен күйдің, береке мен молшылықтың ошағы. Осы бір құндылықтар алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі толқын інілердің сабақтастығы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып кете береді.
Орындаған: ДТІЖО Досмахамбетов