29
май
2019
Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді тағы да бір оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы айқындалған мақсат пен міндеттерді орындай отырып «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық үдерістер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында жүйелі жұмыс атқаруда. Биылғы оқу жылында мектеп-гимназия ұжымында 128 мұғалім дәріс берді. 1-11 сынып аралығында барлығы 1286 оқушы және мектепалды даярлық тобында 145 оқушы білім алды. Біліктілік санаты бойынша жоғары санатты мұғалімдер саны-30, бірінші санатты мұғалімдер саны-31, екінші санатты мұғалімдер саны -22. Педагог қызметкерлерді біліктілілігін арттыру жаңа форматы бойынша педагог-зерттеуші - 4, педагог-сарапшы-3, педагог- модератор - 7. Сонымен қатар 27 жас маман еңбек етеді. Жас маманның теориялық білім - білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал жасау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында
тәлімгерлер тағайындалған. Міне, 2018-2019 оқу жылы да соңына келіп жетті. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушылар – 453, екпінділер – 370 оқушы. «Алтын белгіге» үміткер 9 түлек. Нәтижесінде мектеп-гимназия - 74% білім сапасын көрсетіп отыр.
Биылғы жыл гимназия ұстаздары мен шәкірттері үшін үздік нәтижелерге толы жыл болды. Атап айтсақ:
1. Мектебіміз жалпы білім беретін мектептер арасындағы республикалық «Үздік 100 мектеп» байқауына қатысып, 100 мектеп қатарына ендік.
2. Тарих және қазақ тілі пәндерінің республикалық олимпиадасында гимназия ұжымы «Үздік ұжым» дипломымен марапатталды.
3. Мектеп психологі Асубаева Гүлзада ҮІІ республикалық «Ең үздік жыл психологі» байқауының І дәрежелі жеңімпазы болды.
4. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Разакова Айғаныс Айдархановна жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен» марапатталды және республикалық педагогткалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Өнегелі ұстаз» жобасынан І орынды иеленді.
5. Қазақ тілі пәні мұғалімі Әбдікерім Дана Әлімбекқызы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасыда оқушылары үздік нәтижеге .