Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталу жағдайы туралы анықтама
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталу жағдайы туралы анықтама
Меркі ауылы 27.09.2021 жыл
Мектепте асхана жұмысы таңғы 7:30 –дан бастап, кешкі 18:30 –ға дейін жұмыс істейді. Мектептің брокераждық комиссия мүшелері күн сайын асханадағы жұмыс барысында санитарлық гигиеналық талаптардың сақталуына үнемі бақылау жүргізіп, қадағалап отырады.
Тамақтану блогының снитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіледі. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Қауіпсіздік техникалары ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Ас мәзірінде үнемі балғын көкөністерболады.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте әртүрлі өнімдерді сақтауға арналған тоңазытқыш камераларда әр тағам түрі жеке сақталады. Тамақтану блогында жұмыскерлер арнайы жұмыс киімдерін киеді.
Мектепте ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Ауыз су күніне әр үш сағат сайын ауыстырылып отырады. Ауыз су жанында таза ыдысқа және қолданылған лас ыдысқа арнайы орын қарастырылған.