Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының рейдтік іс-шарасының анықтамасы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының рейдтік іс-шарасының анықтамасы
Меркі ауылы 4.02.2022 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектепішілік бракераждық комиссиясының мүшелері оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді. Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.
Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған. Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасалған.
Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киеді. Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар мен жеміс шырындары сатылады.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға және залалсыздандыруға арналған арнайы орын бар.
Ұсыныс:
1. Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Медициналық қызметкер Б.Жуматаева Тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.
Ыстық тамаққа жауапты маман: Э.Ж.Балабекова