Асхананың бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды анықтамасы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында асхананың бақылау бойынша құрылған бракераждық комиссияның қорытынды анықтамасы
Меркі ауылы 18.01.2022 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында мектепішілік бракераждық комиссиясының мүшелері қараша айында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді. Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірінде балғын көкөністер бар. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған. Мектепте әртүрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталған. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.
Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әртүрлі пісірлген тағамдар мен жеміс шырындары сатылады.
Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыруда аса маңызды мәселелердің бірі. Асханада ыдыс-аяқтың тазалығына баса назар аударылған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізілген. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылған) шыны ыдысқа салған. Тоңазытқыштағы температура +2С көрсетіп тұр.
Тексеру қорытындысы қанағаттанарлық.
Шешімі:
- Мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай деп бағалансын.
- Медициналық қызметкер А.Бабаева тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспазшылардың денсаулығының дұрыстығын үнемі бақылауда ұстасын.