1-4 сыныптары арасында «Салауатты әдеттер!» атты бағытында танымдық іс-шаралар «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына» мерекесіне орай өткізілген спорттық іс-шара.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2021-2022 оқу жылының 17 қыркүйек күні өткен 1-4 сыныптары арасында «Салауатты әдеттер!» атты бағытында танымдық іс-шаралар «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына» мерекесіне орай өткізілген спорттық іс-шара.
Мектебімізде 17 қыркүйек күні «Салауатты әдеттер» іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. «Жасыңнан шынықсаң-ғасырға жарайсың» атты ұранымен мектеп. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Акчекеев Т. және Молдазым Н. оқушыларды сапқа тұрғызып, «Өмір бойғы ұран- салауатты өмір салты!» ұранымен жаттығу жасатты.
«Дені саудың- рухы сау» ұранымен 4-сыныптар арасында асық ату жарыстары өткізілді.
«Өмір бойғы ұран- салауатты өмір салты» ұранымен 1-4 сыныптар арасында эстафеталық жарыстар өткізілді, қол күресінен жарыс және асық ату ойындары қызықты өтті. Мектеп оқушылар арасындағы «Салауатты әдеттер!» атты жарыстар да өз мәресіне жетті. Барлық жетістікке жеткен мектеп оқушылары жарыстар соңында алғыс хаттармен марапатталды.