07
февраль
2022
«Тербелмелі қозғалыс» тақырыбында зерттеу сабағы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ Lesson Stady аясында «ІІ тоқсанда 9«Д» сынып білім алушыларының ашық сұрақ қою арқылы сыни ойлау дағдысы қаншалықты қалыптасады?» деген зерттеу сұрағы бойынша физика пәнінен А.Ж.Қазақбаева «Тербелмелі қозғалыс» тақырыбында зерттеу сабағын жүргізді.
Сабақ негізгі үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең: ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды топқа бөліп, соның ішінде бір топты шығармашыл топ ретінде саралап отырғызылды. Алдағы білімін тексеру мақсатында ашық сұрақтарды пайдалана отырып саралаудың «Қар кесегі» әдісі қолданылды.
Оқушылардың сыни ойлау дағдылары қаншалықты қалыптасқан, визуалды тапсырма арқылы қалай ашық сұраққа жауап берді? деген сұраққа жауап іздеу мақсатында сабақтың екінші кезеңінде тақырыптың мазмұнын ашу үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы түрлі маятниктер көрсетілді. Оқушылар сыни ойлау дағдысын қалыптастыру үшін әр топтың пікірі тыңдалды.
Тәжірибелік бөлім. Оқушыларға жеке тапсырмалар орындауға берілді. Жұмыс жүргізу кезінде саралаудың қорытынды тәсілі пайдаланылып, оқушылар өздерінің тапсырманы орындау жолдарын түсіндіріп тиімді жақтарын ұсынды.
Сабақ соңында «ВАК» рефлексиясында бірден бүгінгі тапсырмадағы көргенін, естігенін жазды.