27
май
2022
Аттесттаттау емтихандары сәтті өткізілуде.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2022 жылдың 27 мамырында 11 сынып оқушылары алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханы ұйымдастырылып өткізілді. Емтиханға мектеп директоры қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп, сынақтан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді. 11 қазақ сыныбы бойынша 44 оқушы, оның ішінде 4 "Алтын белгіге" үміткер және орыс сыныбы бойынша 4 оқушы сынақтан өтті. Емтихан ережесіне сай алгебра және анализ бастамалары пәнінен оқушылар жазбаша жұмыс жазды. Оқушыларға емтихан материалдары сағат 10:00-де таратылып, бес сағат уақыт беріліп, 15:00 де аяқталды. Қорытынды аттестаттау барысында емтихан талаптары мен санитарлық талаптар қатаң түрде сақталды. Әр сыныптағы емтиханға бір емтихан алушы мен екі ассистент ұстаз қатысты. Қорытынды аттестаттау өз деңгейінде өтті.