«Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларды пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Меркі ауданы білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпанындағы №03-625 хатына сәйкес Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бұйрық шығарылып, «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларды пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» бойынша мектеп ата-аналар комитеті және Қамқоршылық кеңесінің рұқсатымен, мектеп әкімшілігі мен мектептің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторымен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының өздерімен бірге тыйым салынған заттарды алып жүруін болдырмау мақсатында 1-11 сыныптар арасында рейдтік іс-шаралар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға өздерімен бірге тиым салынған заттарды, оның ішінде кескіш, өткір, тескіш заттарды, және зиянды, уыт құмар заттарды алып жүрудің өзі дұрыс еместігі түсіндірілді.